Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!
Оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты тәрбиелеу шеңберінде құқықтық сана мен азаматтық ұстанымды дамыту мақсатында, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлық көріністерінің қолайсыздығына үйрету үшін "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!"
Экологиялық мәдениет
Оқушыларда экологиялық мәдениетті және табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру шеңберінде экологиялық сана мен сауаттылықты дамыту мақсатында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес экология бойынша сынып сағаттары өткізілді.
Зерде
Оқушылардың зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың зияткерлік әлеуеті мен ғылымға деген қызығушылығын ынталандыру мақсатында 6-сынып оқушысы Прищепа Ярослав тарих пәнінің мұғалімі Ә.С.Тайжанов жетекшілігімен 2-7 сыныптарға арналған "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, 2 орын алды. Құттықтаймыз!
Ауылдық олимпиада
Ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтау және қолдау шеңберінде олардың зияткерлік және кәсіби дамуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға ынталандыру мақсатында біздің мектеп оқушылары ауылдық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысты. Олимпиаданы өткізу нәтижелері бойынша аудандық мәдениет үйінде облыстық кезең жүлдегерлерін салтанатты марапаттау өтті: Муравьева Елизавета - құқық негіздері бойынша 2-орын, Мұқанов Сұлтанмахмұт және Браун Влада география бойынша 3-орын алды. Балаларды және олардың жетекшілері Татьяна Михайловна мен Әділ Сәкенұлын құттықтаймыз!
Өзіме хат
Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Менің күнім, менің құқықтарым" іс-шаралар жоспарына сәйкес "Өзіме хат: Мен өз отбасымда не өзгерткім келеді?" атты акция өткізілді .
Озон қабатын қорғау күні аясында"озон қабатын сақтайық-жердегі тіршілікті сақтайық"
Оқушыларды озон қабатын сақтаудың маңыздылығы туралы хабардар ету, жауапты мінез-құлықты қалыптастыру және жердің маңызды қорғаныш қабатын сақтау үшін экологиялық нормаларды сақтау мақсатында А.В.Туркина озон қабатын қорғау күні аясында 10-сынып оқушыларымен "Озон қабатын сақтайық-жердегі тіршілікті сақтайық" дөңгелек үстел өткізді.
"Тіл Мерей-ел Мерей" дөңгелек үстелі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ү.Иманова Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған "Тіл мерейі - ел мерейі" атты дөңгелек үстел өткізді.
Тілдер күні
Тілдер күнін мерекелеу аясында ағылшын тілі мұғалімі Т.П.Шульга 10-11 сынып оқушылары арасында "Ойлы болсаң, озып көр" зияткерлік ойынын өткізді.
"Парасаттылық сағаты"
Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адамгершілік құндылықтарды (адалдық, әділдік, әдептілік, сенім) тәрбиелеу, жақсылық пен жамандықты түсінуді дамыту, белсенді азаматтық ұстаным мен өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру шеңберінде 7-11 сынып оқушылары арасында "Парасаттылық сағаты" өткізілді.
Отбасы күні
Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, аға тәлімгер Н.В.Ганюк Николай жоғары сынып оқушыларымен және ата-аналарымен "Отбасы бюджеті: кірістер мен шығыстарды қалай дұрыс жоспарлау керек" тақырыбы бойынша әңгімелесті. Мектеп қызметкерлеріне қаржылық сауаттылық ережелері бойынша жадынамалар таратылды.
"Махамбет оқулары" республикалық байқауының аудандық кезеңі
12 қыркүйекте Новоишим қазақ мектебінде "Махамбет оқулары" республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті, нәтижесінде 10-сынып оқушысы Ганюк Владимир қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Ү. Иманованың жетекшілігімен 3-орын алды.
"Дені сау ұрпақ-елдің болашағы"
Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, медицина қызметкері С.И.Кром 10-11 сынып оқушыларымен "Дені сау ұрпақ-ел болашағы" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.
