"Алау" облыстық әскери-спорттық ойыны
31 мамыр мен 3 маусым аралығында Петропавл қаласында " Алау "облыстық әскери-спорттық ойыны өтті. 8-сынып оқушысы Мақсат Нағашбай біздің ауданымыздың команда құрамына кіріп, 2 шақырым кросста үздік нәтиже көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша команда барлық байқауларда үздік нәтижелер көрсетіп,1-орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!
ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30-жылдығы
ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30-жылдығын мерекелеу аясында 4 маусымда салтанатты жиында педагогикалық ұжым мен оқушылардың Әнұранды бірыңғай орындауы ұйымдастырылды. Жиыннан кейін балалар әртүрлі жас санаттары бойынша спорттық жарыстарға қатысты.
Мемлекеттік рәміздер-менің ерлігім
3 маусымда балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша іс – шаралар жоспарына сәйкес "Менің елімнің рәміздері" әңгімесі және "Мемлекеттік рәміздер-менің ерлігім"интерактивті викторинасы өткізілді. Іс-шаралардан кейін таза ауада серуендеу ұйымдастырылды.
Тоқсан би
Бүгін Бірлік ауылдық кітапхана меңгерушісі Муравьева Валентина Романовнаның ұйымдастыруымен Бірлік орта мектеп оқушылары және ұстаздары Тоқсан би Жабайұлының кесенесіне барды. Тоқсан би туралы мәліметтермен тарих пәнінің мұғалімі Тайжанов Әділ Сәкенұлы таныстырды
Балаларды қорғау күні
1 маусым күні Бірлік ауылының орталық алаңында Балаларды қорғау күніне және мектеп жанындағы алаңның ашылуына арналған мерекелік іс-шара өтті. Балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, әрқайсысына"ES Global Agro"ЖШС тәтті сыйлықтары берілді.
Соңғы қоңырау
25 мамырда Соңғы қоңырау мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізілді, онда "ES Global agro" ЖШС атынан оқу үздіктеріне,олимпиадалар мен конкурстардың белсенді қатысушыларына,сондай-ақ спортта жетістікке жеткен балаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Түлектер мұғалімдер мен ата-аналарға алғыс сөздерімен сөз сөйледі, ал бірінші сынып оқушылары балаларға емтихандар мен ҰБТ тапсыруда сәттілік тіледі.
Балалардың емтиханға психологиялық дайындығындағы ата-аналардың рөлі
Мектеп психологі Д.М. Абенова "Балалардың емтиханға психологиялық дайындығындағы ата-аналардың рөлі" атты ата-аналар жиналысын өткізді, мектеп түлектерімен "Емтиханға дайындық" сабағы өткізілді, түлектер мен ата-аналарға ұсыныстар мен жадынамалар таратылды.
А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ тілі мұғалімі А.У. Имановамен 7-сынып оқушыларына А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы презентация ұйымдастырылды.
Мектептік ата-аналар жиналысы
19 мамырда жергілікті ФАП медициналық қызметкерінің шақырылуымен жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерді вакцинациялау мәселесі қаралды. Жиналыс дәстүрлі емес форматта,топтарға бөлу арқылы өткізілді. Жазғы мектепті, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Б.К. Уенжанова ата-аналарға жаңа оқу жылының басында мектеп формасының қажеттілігі туралы еске салды. Одан әрі ата-аналар алдында мектеп парламентінің президенті Тигран Овенян сөз сөйлеп, біздің мектеп оқушылары қатысқан іс-шаралар мен конкурстар туралы айтты.
Мен мемлекеттік рәміздермен мақтанамын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында 6-сынып оқушылары " Мен мемлекеттік рәміздермен мақтанамын!"атты челленджге қатысты.
Мың бала
"Мың бала" республикалық олимпиадасының 2 кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің 5 сынып оқушылары Елизавета Муравьева және Ксения Диль жеңімпаз атанды.Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!#"Мың бала"#
Мықты отбасы-мемлекет игілігінің негізі
Халықаралық Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11 сынып оқушылары үшін "Мықты отбасы-мемлекет игілігінің негізі"тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді
