Мың бала
"Мың бала" республикалық олимпиадасының 2 кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің 5 сынып оқушылары Елизавета Муравьева және Ксения Диль жеңімпаз атанды.Құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!#"Мың бала"#
Мықты отбасы-мемлекет игілігінің негізі
Халықаралық Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 1-11 сынып оқушылары үшін "Мықты отбасы-мемлекет игілігінің негізі"тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді
Отбасы
Отбасы- бізді дұрыс бағытқа жетелейтін компас. Ол үлкен биіктерге жету үшін біздің шабытымыз. Кейде қателіктер жіберген кезде біздің жұбанышымыз.
Аспанға планер
Мамырдың 11-күні 9-сынып оқушысы Жандос Мырзағалиев "Аспанға планер"атты техникалық модельдеу бойынша облыстық байқауға қатысып, 1-орынға ие болды. Жандосты жеңісімен, сондай-ақ жетекшісі Николай Владимирович Ганюкті құттықтаймыз! Жарайсыңдар!!!
Мерекелік концерт
8 мамыр күні ауылдың орталық алаңында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.
Новоишимское ауылында экскурсия
"Балалар жылына", Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығын және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай –ақ кәсіптік бағдар беру жұмысы мақсатында 2022 жылғы 6 мамырда Новоишимское ауылында оқушылар үшін экскурсия өткізілді. Балалар МҮ,АІІБ,сондай-ақ өрт сөндіру бөліміне барды.
Облыс чемпионаты
4-6 мамыр аралығында Петропавл қаласында 2007 жылғы және одан кіші жастағы жасөспірімдер арасында футболдан облыс чемпионаты өтті. Жаттықтырушы А. Зардыханұлының басшылығымен команда құрамына біздің мектептің балалары кірді. Ойын қорытындысы бойынша команда 2-орын алды. Құттықтаймыз және алдағы жеңістер тілейміз!
Жақсылық апталығы
"Жақсылық апталығы" акциясы аясында "Бірлік" еріктілер жасағының мүшелері ауылдың жалғыз басты зейнеткерлеріне көмек көрсетті.
Соғыстың баласыз жүзі
Жеңіс күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес,4-"Соғыстың баласыз жүзі " тақырыбында мектеп пікірсайыс турнирі өткізілді.
Құқық бұзушылықтар
2022 жылғы сәурдің 4 күні РҚБ әдіскері А.А. Каппасовамен, КІБ инспекторы Ж. О. Жанаевамен кездесу өтті,олар 8, 9, 11-сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтардың, қылмыстардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы профилактикасы бойынша дәрістер өткізді.
Бір шаңырақ астында
Қазақстан халқының Бірлігі күнін мерекелеу аясында 5-11 сынып оқушылары арасында "Бір шаңырақ астында"салт-дәстүрлер байқауы өткізілді. Балалар сынып жетекшілерімен бірлесіп Қазақстан аумағында тұратын түрлі ұлттардың шығармашылық нөмірлері мен ұлттық тағамдарын дайындады.
"Түлектер аллеясы" атты акция
"Түлектер аллеясы" атты акция
